Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қоғамды толғандырған өзекті мәселелер, ел дамуының жаңа бағыттары айқындалған бесінші Ұлттық құрылтай Қызылорда төрінде өтті.
Алқалы жиында көтерілген бастамалар мен қабылданған шешімдерге көпшіліктің көзқарасы қандай?
Осыны білу мақсатында әріптестеріміз жүргізген сауалнаманы ұсынамыз.
Сауалнама: - «Осыдан бір ғасыр бұрын Қызылордада қаншама тарихи шешімдер қабылданған.
Дәл сол сияқты кешегі өткен Қызылордадағы құрылтайда да қаншама тарихи шешімдер қабылданды. Яғни бұл Құрылтайдың қазақ үшін берері көп.
Біздің болашағымызға деген көп деген шешімдер қабылданды. Оның барлығы да алдағы уақытта өз шешімін табады деп сенеміз».
- «Ұлттық мақсатты жүзеге асыратын кең ауқымды жиынды осы жерде өткізу бегітілді және ол абыроймен орындалып шықты деп ойлаймын.