Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ұлттық құрылтайдың 5-отырысында өңірлер арасындағы көлік қатынасы қайтадан күн тәртібіне шықты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда-Жезқазған автожолының Қызылордаға қарасты бөлігі аяқталғанын, ал жыл соңына дейін Ұлытау облысындағы бөлігінде көлік қозғалысы толық ашылатынын мәлімдеді.
Сонымен бірге көптен бері тозып тұрған Қарағанды-Жезқазған бағытында биыл ескі жолдың қапталына екі жолақты жаңа жол салу жұмысы басталатынын айтты. Жергілікті жұрт бұл бастамалар жас Ұлытау облысының экономикасына дем беріп, қатынас жеңілдесе, логистика, сауда, туризм мен жұмыс орындары жанданады деп үміттенеді. Ұлттық Құрылтайда қабылданған тағы қандай шешімдер жұрт көңілінен шықты? Жезқазған тұрғындарының пікірін тыңдайық.