Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Биыл Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді. Бұл туралы Президенттің Кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады.
Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:
2022 жылы – Ұлытауда; 2023 жылы – Түркістанда; 2024 жылы – Атырауда; 2025 жылы – Бурабайда өтті.