Ұлттық рейтингке ілінбеген университеттер қаржыландырудан қағылады министр

27.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

— Бірнеше жыл бұрын сапасыз университеттерді қысқарту жұмысы басталған еді. Бұл жұмысты жалғастырып жатырмыз, яғни Ақтөбеде, Шымкентте, Атырауда сапасыз білім беріп жатқан ЖОО-лардың лицензиясы жойылды. Осы жылдан бастап тиісті талаптар заңнамаға енгізілді. Биылдан ұлттық рейтинг енгізіледі, алғаш рет оны осы жылы жариялаймыз. Былтыр оны пилоттық форматта өткіздік, — деді Саясат Нұрбек депутаттар сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, осы өзгерістерге жекеменшік университеттер үреймен қарайды.

— Осындай қадамға бардық. Енді мемлекеттік грант пен тапсырыс ұлттық рейтингпен ұштастырылады. Рейтингке ілікпеген, халықаралық форматта жұмыс істемейтін, инвестиция құймайтын, зертханалар құрмайтын университеттерге қаржыландыру мүлдем тоқтатылады. Сондықтан біртіндеп нарықтық ұстанымдар қосылады. Рейтинг мәліметтері ата-аналарға, талапкерлерге кеңінен таратылады, — деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, кейінгі бес жылда Қазақстанда 16 ЖОО жабылды

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью