Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
– Қазір біз кері байланыс орнатып жатырмыз. Сондай-ақ өтінімдерді жаппай жүктеу функциясын қостық. Өлшем бірліктерімен жұмысты жеңілдеттік. Енді қатаң байланыстыру жоқ, сонымен қатар автотолтыру мүмкіндігі бар, – деді спикер.
Оның айтуынша, Ұлттық тауарлардың каталогы жұмыс құралы ретінде 4 айдан бері жұмыс істеп тұр, ал ведомство кез келген ұсыныстарды қарауға дайын.
Еске сала кетейік, бұған дейін Әлеуметтік қызметтер порталы мен Ұлттық тауарлар каталогы біріктірілетінін жаздық. Ондағы басты жаңашылдықтардың бірі – Әлеуметтік қызметтер порталын Ұлттық тауарлар каталогымен біріктіру. Енді барлық өнімге бірегей сәйкестендіру коды беріліп, міндетті тіркеуден өтетін болады. Бұл әрбір бұйымның өнім берушіден нақты алушыға дейінгі жолын қадағалауға мүмкіндік береді. Бірыңғай есепке алуды енгізу жалған мәмілелердің жасалу мүмкіндігін азайтып, нарықты сертификатталмаған және сапасыз тауарлардың түсуінен қорғайды.
Кәсәпкерлерге Ұлттық тауарлар каталогын қолдану міндеттелген болатын.