Ұлттық ұлан өкілдері мектеп оқушыларымен патриоттық кездесу өткізді

13.03.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Астана қаласы әкімдігінің «Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейінің» ұйымдастыруымен және Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қатысуымен «Елін сүйген ерлер» атты тәрбиелік іс-шара өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құқықтық тәртіп әскерінің өкілдері іс-шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековтің тапсырмасы бойынша арнайы қатысты.

Кездесуге Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының кеңесшісі Әлібек Әбділов пен құқықтық тәртіп әскерінің Ерлер хоры шақырылды.

Жиын барысында Бас қолбасшының кеңесшісі оқушыларға отансүйгіштік пен патриотизмнің маңызы туралы айтып, жастарды елге адал қызмет етуге, тарихты құрметтеп, Тәуелсіздіктің қадірін білуге шақырды. 

- Отанды сүю — әр азаматтың қасиетті борышы, ал елдің болашағы білімді әрі саналы ұрпақтың қолында. Ұландықтар әрқашан жас буынмен тығыз байланыс орнатуға тырысады. Бұл жолы да біз оларды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, танымдық кеш өткіздік, – деді Әлібек Әбділов.

Ал халықаралық деңгейде танылып үлгерген Ұлттық ұланның Ерлер хоры әсерлі туындыларын орындап, көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады. 

Әскери қызметшілердің өнеріне тәнті болған тыңдармандар атынан Астана қаласы білім басқармасының бөлім басшысы Асыл Амангелдиева сөз алып, ұландықтарға алғыс білдірді. 

Айта кетейік, бүгінде республика бойынша еліміздегі білім ордаларында Ұлттық ұланда 100-ге жуық  “Жас бүркіт” сыныптары ашылған. Сондай-ақ оқушылар үшін әскери бөлімдерде ашық есік күндері жиі ұйымдастырылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью