Ұлттық ұлан сақшылары жоғалған 6 жасар қызды іздеп тапты

13.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ұлттық ұлан сақшылары жоғалған кішкентай қызды іздеп тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар қаласында сағат 22:10 шамасында Назарбаев көшесі бойын патрульдеу барысында 5512 әскери бөлімінің сақшыларына әйел адам жүгініп, алты жастағы қызының жоғалып кеткенін хабарлайды.

Ақпаратты алған әскери қызметшілер дереу іздестіру шараларына кірісіп, баланың жүруі мүмкін деген бағыттарды тексеріп, жақын маңдағы көшелер мен қоғамдық орындарды қарап шықты.

Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде бала Байзақов атындағы филармония маңынан табылып, анасына аман-есен тапсырылды. Қыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью