Ұлттық ұлан сарбазы көлге батып кеткен баланы құтқарып қалды

16.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Иллюстрациялық фото: Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның мәліметінше, алғаш боп «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімінің броньды танк қызметінің бастығы майор Дияр Жақыпов көмекке келген.

«Біз отбасымызбен жағажайда демалып жатқанбыз. Кенет «Көмектесіңдер! Баламды құтқарыңдаршы!» деп айқайлаған әйел адамның шарасыз даусын естідім. Бірден жүгіріп барсам, бір бала суға батып бара жатыр екен. Ойланбастан суға секірдім де, жылдам жүзіп бардым. Сол кездегі бар ойым – уақыт жоғалтпай баланы құтқару болды. Шүкір, аман-есен жағаға шығарып, анасына тапсырдым», дейді майор Дияр Жақыпов.

Ұлттық ұлан сарбазы әскери мультфильм жасап шықты

Осылайша, офицер жедел әрі шешуші әрекеттерімен қайғылы оқиғаның алдын алды.

Қазір баланың жағдайы жақсы, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Айта кетейік, бұдан екі жыл бұрын Ұлан сарбазы жасөспірімді ажалдан құтқарғаны жасөспірімді ажалдан құтқарғаны туралы хабарлаған едік. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью