Ұлттық ұланда Бірыңғай есеп айырысу орталығы жұмысын бастады

21.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында Бірыңғай есеп айырысу орталығы (БЕО) өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұған дейін әскери қызметшілерге ақшалай үлес, қызметшілерге еңбекақы және өзге де төлемдерді есептеумен әскери бөлімдердің қаржы қызметтері айналысып келді. Енді бұл міндеттер жүйеленіп, орталықтандырылды.
Орталықтың басты міндеті – жеке құрамға төлемдердің дәл әрі уақытылы жүргізілуін қамтамасыз ету. Бірыңғай жүйе құжаттарды өңдеу мерзімін қысқартуға, қателіктердің орын алу ықтималдығын төмендетуге және қаржылық есептеулердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
БЕО жұмысының негізгі нәтижелерінің бірі – төлемдерді бір мезгілде жүргізу жүйесі. Енді Қазақстанның барлық өңірлеріндегі Ұлттық ұлан әскери қызметшілері ақшалай үлестерін бір уақытта алады.
Сонымен қатар, БЕО әскери бөлімдердегі қаржылық үдерістерді біріздендіруге және заңнамадағы өзгерістерді жедел ескеруге мүмкіндік береді.
Бірыңғай есеп айырысу орталығының іске қосылуы басқару жүйесін жаңғырту және қаржылық қызметті ұйымдастыруға заманауи тәсілдерді енгізу бағытына сай келеді. Бұл өз кезегінде құқықтық тәртіп әскерлерінің жеке құрамын қамтамасыз ету сапасын арттыруға ықпал етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью