Ұлттық ұланда тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу шаралары талқыланды

01.05.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, мәселелері және оны шешудің баламалы жолдары» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шара «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында ұйымдастырылды.

Кездесуді Бас қолбасшылықтың Әскери полиция басқармасының профилактика бөлімінің аға офицері подполковник Асхат Балтабаев ұйымдастырды. Сарапшы ретінде ІІМ Басқару академиясының докторанты, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласының маманы полиция подполковнигі Гүлмира Шрахметова қатысты.

Іс-шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері, оның туындау себептері, сондай-ақ ерте анықтау және ден қою тетіктері жан-жақты қарастырылды. Құқықтық аспектілерге, жәбірленушілердің құқықтарын қорғауға және қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға жанжалдарды тиімді шешу тәсілдері, профилактикалық жұмыстың рөлі және дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді. Мұндай іс-шаралардың әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және әскери ұжымдардағы тәртіпті нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью