Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің мәліметінше, музыкалық қойылымдар қаланың қоғамдық көліктерінде және «Нұрлы жол» вокзал кешенінде өтті.
Әртістер қоғамдық көлікте жанды дауыста танымал композицияларды орындап, автобус ішін концерттік алаңға айналдырды.
Фото: Ұлттық ұланМузыкалық тосынсый жолаушылардың ерекше ықыласына бөленді. Хордың орындауындағы «Сұлу қыздар» және «Дарите женщинам цветы» әндерін көпшілік жылы қабылдады. Қойылым кезінде ұландықтар нәзік жандыларға гүл сыйлап, келе жатқан мерекелерімен құттықтады.
Фото: Ұлттық ұланМерекелік бағдарлама «Нұрлы жол» вокзалында да жалғасты, мұнда әртістер аяулы жандарға гүл шоқтарын табыстап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Фото: Ұлттық ұланАйта кетейік, бұған дейін Ұлттық ұланның Ерлер хоры Ресейдің танымал «Ну-ка, все вместе!» вокалдық шоуында Numb хитын (Linkin Park тобы) домбыра сүйемелдеуімен орындап, айрықша қолдауға ие болған еді.
Рок-композицияның ерекше интерпретациясы жоғары бағаланып, қазақстандық әскери әртістердің кәсіби деңгейі мен шығармашылық батылдығын көрсетті.
Ұлттық ұланның Үлгілі-көрсетімді оркестрі, Ән мен би ансамблі, Ерлер хоры тұрақты түрде жеке құрам алдында және кең аудитория үшін өнер көрсетіп, жауынгерлік рухты көтеруге, ұлттық мәдениетті дәріптеуге және құқықтық тәртіп әскерінің оң имиджін қалыптастыруға үлес қосып келеді.