Ұлттық ұланның Оңтүстік өңірлік қолбасшылығына жаңа қолбасшы тағайындалды

25.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес генерал-майор Сәкентай Амантайұлы Шекарбеков ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы болып тағайындалды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz

Айта кету керек, Ұлттық ұлан қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, маңызды мемлекеттік және стратегиялық нысандарды күзету, қылмыс пен экстремизмге қарсы іс-қимылға қатысу, сондай-ақ арнайы және профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде ішкі істер органдарына жәрдемдесу жөніндегі міндеттерді жүйелі түрде орындауды жалғастырып келеді. Сонымен қатар ұландықтар бұқаралық іс-шаралар кезеңінде және төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылады.

Еске сала кетсек, 2025 жылы құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері шамамен 18 мың құқық бұзушыны ұстап, ішкі істер органдарына жеткізді. Оның ішінде 700-ден астамы қылмыс белгілері бар тұлғалар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью