Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Сапар аясында ол ІІМ Ұлттық ұланы Академиясының және 6637 әскери бөлімінің қызметімен танысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Генерал-майор оқу орнының материалдық-техникалық базасын аралап, курсанттарға арналған жаңа казарманың жай-күйін көрді. Сонымен қатар, заманауи талаптарға сай жабдықталған бірегей тирді қарап, курсанттардың жауынгерлік даярлығына жасалған жағдайға назар аударды.
Ал 6637 әскери бөліміне Бекайдар Қазкеев “Орталық” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Нұрлан Мұхамедовпен бірге келді. Олар бөлім аумағын аралап, әскери қызметшілердің күнделікті тыныс-тіршілігімен, қызмет өткеру жағдайымен және бөлімнің материалдық-техникалық әлеуетімен танысты.
Сапар барысында әскери инфрақұрылымды дамыту, жеке құрамның жауынгерлік даярлығын арттыру және әскери қызметшілерге қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Сондай-ақ ол “Береке” спорт кешенінде ұландықтар арасында өткен қоян-қолтық ұрыс турнирін тамашалап, жеңімпаздарды марапаттады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.