Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 13 қаңтар - Sputnik. Ұлттық ұланның әскери қызметшісі атыс қаруынан өзін-өзі жарақаттап алды, деп хабарлайды Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Оқиға 13 қаңтар сағат 15:05 шамасында болған.
"Жауынгерлік даярлық жоспары аясында 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен оқу полигонында оқу атыстары өткізілді. 2–2025 шақырылымындағы мерзімді әскери қызметші қатардағы қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан АК-74 атыс қаруымен өзін-өзі жарақаттап алды", - дейді Ұлттық ұланда.
Оқ оның сол жақ аяғының балтырын жанап өткен.
Оқиға орнында оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілді. Әскери қызметшінің жағдайы қанағаттанарлық, өмірлік маңызды ағзалары зақымданбаған, дейді "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында.
Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. Қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.