Ұлу бедерленген шәйнек

27.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Аталған бұйымды 1947 жылы ерлі-зайып­ты сая­хатшылар Кэро­лайн ханыммен күйеуі Артур Шустерлер сатып алып, Кембридждің Архео­логия және антро­пология музейіне тап­сырған. Қордағы реттік саны – 1947.711. Өлшемі – 255,0 мм x 300,0 мм x 123,0 мм. Салмағы – 1,78 кило екен.

Тибеттер ұстанатын буддистік ламаизм діні ұлу (айдаһар) бейнесін қадір тұтады. Сол себепті мұндағы ұлу тұтқалы шәйнекпен жоғары дәрежелі монахтар шәй ішкені анық. Тағы бір ескертетін дүние – ежелгі көшпелілерден жалғасып келе жатқан дәстүр шаңыраққа келген қонаққа алдымен шәй ішуді ұсыну туралы жазылмаған заң бар. Бұл жәдігер осы мақсатта қолданылғаны хақ.

«Бұл құмыра шәйнектің пішіні тибеттің дәстүрлі шәйнектеріне ұқсамайды, қайта Құбылай іргесін қалаған Юань ұлысының ақсүйектері қолданған ыдыстан аумайды. Сондай-ақ тұтқадағы ұлу бейнесі ежелгі қытай жұрты әспеттейтін ұлу рәмізінің көрініс табуы» дейді мамандар.

Жоғарыдағы жәдігерлерде бейнеленген ұлу мүсіндерінің алды б.з.д. ІІІ ғасырға тән болса, соңы XVIIІ ғасыр үлесінде екен. Сөйте тұра бәрінің рәміздік мәні мен жасалу стилі бірдей. Демек, бұл жәдігерді адамдар өте ерте кезден бастап, әлеуметтік-тұрмыстық және әкімшілік басқару жүйенің геральдикалық белгісі ретінде қолданып келгені шындық. Соған қарағанда, ұлудың рәміздік тарихы тереңде жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью