Ұлы пирамида құпиясы: Жоғалған өркениеттің ізі

01.02.2026

Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Осы уақытқа дейін египтологтар Гизедегі Ұлы пирамиданы біздің заманымызға дейінгі 2580 жылдары (шамамен 4600 жыл бұрын) салынған деп есептеп келді. Алайда, жаңа зерттеу бұл ескерткіштің жасы ондаған мың жылға үлкен болуы мүмкін екенін алға тартады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Daily Mail басылымының мәліметінше, Болонья университетінің итальяндық инженері Альберто Донини пирамида негізіндегі эрозиялық процестерді зерттей келе, оның құрылысы 20-40 мың жыл бұрын жүргізілген деген болжам жасады. Бұл ресми ғылым қабылдаған мерзімнен әлдеқайда ерте.

Донини өзінің Салыстырмалы эрозия әдісін (REM) қолдана отырып, пирамида тастарының мүжілу деңгейін зерттеді. Ол құрылыс кезінен бері ашық тұрған тастарды, әсер ету уақыты белгілі көршілес нысандармен салыстырды. Тозу деңгейіндегі айырмашылықтарды өлшеу арқылы ғалым көне тастардың ашық ауада қанша уақыт болғанын есептеп шықты. Нәтижесінде дәстүрлі бағалаудан бірнеше есе асатын мерзімдер анықталды.

Әлі де ресми рецензиядан өтпеген бұл зерттеу аясында пирамида негізіндегі 12 нүкте зерделенді. Кейбір өлшемдер эрозияның ондаған мың жыл бойы жүргенін көрсетсе, орташа көрсеткіш шамамен 25 мың жылды құрады.

Инженер Донинидің пікірінше:
«Парғауын Хуфу (Хеопс) пирамиданы салған емес, тек оны жөндеуден өткізген болуы мүмкін».

Егер бұл болжам расталса, әлемдегі ең ірі архитектуралық нысанның нақты авторы кім деген сұрақ туындайды.

Ресми деректер бойынша, Гизе үстіртіндегі үш пирамиданың ең үлкені – Хуфу пирамидасы Египеттің Төртінші династиясы тұсында салынған. Егер Донини ұсынған даталар дұрыс болса, Ұлы пирамида тек Хеопс билігінен бұрын емес, бізге белгілі кез келген дамыған өркениеттер пайда болғанға дейін тұрғызылған болып шығады. Бұл адамзат тарихы мен ежелгі архитектуралық білім туралы іргелі сұрақтарды туындатпақ.

Хефрен, Менкаур пирамидалары мен Үлкен Сфинкс өзінің дәл орналасуы, ерекше құрылыс әдістері және жұмбақ мақсатымен әлі күнге дейін зерттеушілерді таңғалдырып келеді.

Бұған дейін Сахара шөлінен дюналардың бір жағынан жоғалып, екінші жағынан өсуіне себеп болатын жұмбақ қара дақтар табылған болатын.
 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью