Ұлыбритания АҚШ қа Иранға қарсы өз Әуе күштерінің базаларын пайдалануға келісті

02.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Кир Стармер Иран тарапынан артып келе жатқан қауіпке қарсы әрекет ету үшін Кипрдегі Корольдік Әуе күштерінің базаларын америкалықтарға пайдалануға рұқсат беру мәселесінде өз ұстанымын түбегейлі өзгертті.

Жексенбі кешінде жасаған мәлімдемесінде премьер-министр бұл рұқсат «нақты шектеулі қорғаныс мақсаттарында» беріліп отырғанын атап өтті. Яғни Иранның жалғасып жатқан шабуылдары жағдайында Ұлыбритания мен АҚШ-тың Таяу Шығыстағы одақтастарын қорғауды көздеп отыр.

Бұл шешім қорғаныс министрі Джон Хили Иранның екі зымыраны британдық базалар орналасқан Кипр бағытына қарай бағытталғанын мәлімдегеннен кейін қабылданды.

«Біз бұл өтінішті қанағаттандыру туралы шешім қабылдадық. Яғни Иран тарапынан бүкіл өңір бойынша зымырандық соққылардың алдын алу, жазықсыз бейбіт тұрғындардың қаза табуына жол бермеу, британдықтардың өміріне төнген қатерді азайту және қақтығысқа қатыспаған елдерге соққы жасалуын болдырмау мақсатын көздедік», деді Ұлыбритания премьр-министрі өз мәлімдемесінде.

Алайда бұған дейін консерваторлар мен реформистер Ұлыбританияның АҚШ-қа Корольдік Әуе күштері базаларын пайдалануға рұқсат беруден бас тартуын және қақтығысқа тікелей әрекет етпеуін қатаң сынға алған еді.

Сонымен қатар бұл шешім Ұлыбританияның біртіндеп кең ауқымды қақтығысқа тартылып бара жатқаны туралы алаңдаушылықты күшейтуі мүмкін. Кеше Кир Иран соңғы бір жыл ішінде Ұлыбритания аумағында 20 қатыгез шабуылды жоспарлағанын хабарлады.

Дегенмен Даунинг-стрит АҚШ-тың Иранға қарсы ешқандай шабуылдары британдық базалардан жүзеге асырылмайтынын және Корольдік Әуе күштері шабуылдаушы операцияларға қатыспайтынын нақты мәлімдеді.

Айта кетейік, Әскери операцияның алғашқы тәулігінде Иранның 1000-нан астам нысаны жойылды.

Ал Дональд Трамп Иранның тоғыз әскери кемесі жойылғанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью