Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Лондон бұғатталған ресейлік активтерден сегіз миллиард фунт стерлингті Киевке беруге дайын, бірақ мұндай механизм әлі жоқ, деп жазды The Times газеті.
"Бізге бұл ресейлік активтерді Украинаны қысқа мерзімде қолдау үшін ғана емес, сонымен қатар Ресейге күшті сигнал жеткізу үшін пайдаланудың үйлестірілген жоспары қажет", - деп басылым Ұлыбритания сыртқы істер министрі Иветт Купердің сәрсенбіде НАТО-дағы әріптестерімен кездесуінде айтқан сөзінен үзінді келтірді.
Газеттің үкіметтегі дереккөзі Ұлыбританиядағы ресейлік активтерді бұғаттаудан босату және оларды Украинаға аударудың нақты механизмі әлі құрылмағанын нақтылады.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан бері ЕО және G7 елдері Ресейдің валюта резервтерінің шамамен жартысын бұғаттады.
Еуроодақта 200 миллиард евуродан астам қаржы бар, оның басым бөлігі Бельгияда орналасқан әлемдегі ең ірі есеп айырысу-клиринг жүйелерінің бірі Euroclear компаниясының шоттарында сақталған.