Ұлыбритания Еуроодаққа қайта оралуы мүмкін

28.05.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: bbc.com

The Economist басылымының мәліметінше, 2030-жылдарға қарай Еуропаның бірқатар көшбасшылары Ұлыбританияның Еуроодаққа қайта қосылуы жөніндегі жаңа келісімге қол қоюы мүмкін. Оған себеп те жеткілікті – Brexit-тен кейін Ұлыбритания жалпы ішкі өнімі шамамен 4%-ға қысқарған. Сонымен қатар сауалнама нәтижесіне сәйкес, тұрғындардың 58%-ы Еуроодақтан шығуды қате шешім деп санап, Еуропамен байланысты қайта нығайтуды қолдайтынын көрсеткен. Осыған байланысты елде қазіргі таңда лейбористер партиясының өкілдері тарапынан «Bre-entry» идеясы кең талқыланып жатыр.

Саяси бақылаушылардың пікірінше, әзірге Ұлыбританияның Еуроодаққа қайта қосылуы жөнінде нақты жоспар жоқ. Дегенмен қорғаныс, қауіпсіздік және экономика салаларындағы жаңа келісімдер Лондонның Еуропамен байланысын арттырған.

Ұлыбританияда TikTok пен YouTube желілері жасөспірімдер үшін қауіпті деп танылды

Мәселен, таяуда Ұлыбритания мен Польша қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы маңызды келісімге қол қойған. Бұған дейін британ билігі Германия және Франциямен де осыған ұқсас қорғаныс келісімдерін жасаған.

Еске сала кетейік, Ұлыбритания Ормұз бұғазындағы жағдайға байланысты Ресей мұнайына салынған санкцияны жеңілдеткен болатын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью