Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Кейінгі бір жылда Ұлыбритания түрмелерінен 262 сотталушы мерзімінен бұрын босатылған.
Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Қазір Англия мен Уэльс түрмелерінде орын тапшы, онда 86 мың адам жазасын өтеп жатыр. Ел үкіметі іске қосқан мерзімінен бұрын босату бағдарламасы аясында көп тұтқын қателесіп босатылған. Бұл жағдай Эфиопиядан келген заңсыз мигранттың ісі төңірегіндегі жанжалдан кейін ерекше назарға ілікті. Ауыр қылмысы үшін сотталған азамат біраз уақыттан соң түрмеден босатылған. Сот оны елден депортациялау туралы шешім шығарғанымен қазір қылмыскер із-түзсіз жоғалып кеткен. Лондон полициясы қашқынды іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.