Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Ұлыбритания 2026 жылы Киевке 120 мың ұшқышсыз ұшу аппаратын жеткізеді, деп мәлімдеді сәрсенбі күні елдің қорғаныс министрлігі.
"Ұлыбритания Украинаға бұрын-соңды болмаған көлемде ұшқышсыз ұшу аппараттарын жөнелтетінін жариялайды. Биыл Украинаға кемінде 120 000 дрон жеткізіледі", – делінген Украина жөніндегі байланыс тобының Берлиндегі кездесуі алдында жарияланған хабарламада.
Атап айтқанда, Лондон Киевке мыңдаған алыс қашықтықтағы, барлау, логистикалық және теңіз дрондарын береді. Олардың басым бөлігі Tekever, Windracers және Malloy Aeronautics сияқты британиялық компанияларда өндіріледі.
"Дрондардың жаңа партиясын Украинаға жеткізу осы айда басталды", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ұлыбритания биыл Украинаға жүздеген мың артиллериялық снаряд жеткізеді.