Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі Украинаға берілген AS-90 артиллериялық жүйелерінің орнына жаңа RCH155 гаубицаларын сатып алатынын мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, шамамен 1 миллиард фунт стерлингке (1,15 миллиард еуро) 72 дана доңғалақты RCH155 гаубицасы сатып алынады. Келісімшарт аясында әскери дайындық пен техникалық қызмет көрсету де қарастырылған.
"Жаңа техникаларды Германияның Rheinmetall және KNDS компанияларының Ұлыбританиядағы зауыттары шығарады. Алғашқы гаубицаларды жеткізу 2028 жылы басталады деп жоспарланып отыр", - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
AS-90 артиллериялық жүйелері Украинаға 2023 жылы берілген болатын.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.