24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Ұлыбританияның оңтүстігінде дүлей дауыл тұрды.
Желдің екпіні секундына 160 шақырымға дейін жетті. Аймақта қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. Ұйытқып соққан дауыл электр желілерін үзіп, 60 мыңға жуық тұрғын үй мен кәсіпорын жарықсыз қалды. Құлаған ағаштар жолдарды бөгеп, көлік қатынасы қиындаған. Кейінгі күндері аймақта күн райы құбылып тұр. Елдің солтүстігін қалың қар басып, оңтүстігінде нөсер жауды. Шотландияда шамамен 250 мектеп уақытша жабылды.