Ұлыбританияда заңсыз мигранттар азаймай тұр

05.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

2025 жылы Ұлыбританияға Ла-Манш бұғазы арқылы 40 мыңнан астам заңсыз мигрант келген.

Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 13 пайызға көп. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі хабарлады. Босқындардың басым бөлігі Сирия, Пәкістан, Ауғанстан және Ирак азаматтары. Ұлыбританияда миграциялық саясат өткен жылы қатаңдатылды. Заңсыз мигранттардың елде тұрақты тұруға, рұқсат күту мерзімі 5 жылдан 20 жылға дейін ұзартылды. Олардың мәртебесі әр екі жарым жыл сайын тексеріледі. Ал заңды жолмен келген босқындар мемлекетте 10 жыл тұрған соң ғана тұрақты тұруға рұқсат сұрай алады. Алайда бұл шаралар заңсыз мигранттар ағымын азайтпады. ((The Telegraph)) Зэ Телеграф басылымының келтірген дерегі бойынша қазір Тұманды Альбионда шамамен 745 мың заңсыз мигрант тұрады, бұл Еуропа бойынша рекордтық көрсеткіш.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью