Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Фото: Getty images
Қазақстандық суперауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко Ұлыбританияның Борнмут қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды
Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын және қарсыластар толық он раунд бокстасып шықты.
Иван Дычко алғашқы раундтың өзінде қарсыласын нокдаунға түсіріп, жекпе-жектегі басымдықты қолға алды.
Он раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Бұл Иван Дычконың кәсіпқой рингтегі 16-жеңісі болды.
Қазіргі таңда қазақ боксшысының еншісінде 16 жеңіс бар. Оның 14-і нокаутпен аяқталған. Сондай-ақ бір жеңілісі тіркелген.
Ал Харви Дайкс кәсіпқой мансабында алғаш рет жеңіліс тауып отыр.
Бұған дейін британдықтың көрсеткіші жеті жеңіс және бір тең нәтиже болған.
Әуесқой бокста Иван Дычко екі мәрте Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған. Сонымен қатар Азия ойындары мен Азия чемпионатында да топ жарған.