Ұлыма тиіссе, қарап отыра алмаймын : Гүлзира Айдарбекова Бағдагүл емшіге ашуланды

15.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова желіде атышулы Бағдагүл емші туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Продюсердің айтуынша, емші әлеуметтік желіде Шымкентте өткен концерт туралы орынсыз пікір айтып, жалған ақпарат жеткізген. 

«Бағдагүл сын айтумен де, адам өлімі болды деп ақпарат таратумен де болды. Одан бөлек, «жалмауыз» деп балағат сөздермен видеоны сторисіне салуы тым артық! Басына тимейді екен, біреуді қаралаумен, мазақ қылумен, өсекке тоймады-ау. Мен біреуге тиіспеймін де, елдің өмірінде шаруам да жоқ. Бірақ ұлыма тиіссе, қарап отыра алмаймын. Бұл керексіз жерге тұмсығын тығып отырады ғой, қашан көрсең өсек айтып. Актриса жолда қалады екен, өзгеріп шыға келді. Негізі, адам өлді деп жалған ақпарат таратқандарға сот бар. Соған алдын алып, “халық” деп шыға келді. Қайрат биіктеген сайын көресіні көріп жатырмын ғой. Қылқынып, жұлынып тиіседі. Бағдагүлсіз де органдар жұмысын атқарып жатыр. Біз билет сатпаймыз. Қайрат тапсырыспен әнін айтып кетеді, болды. Өзі сол күні түстен кейін ұшып келді», – деп жазды продюсер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью