Ұлытау облысында екі жылдан бері вейп сатып келген тұрғын ұсталды

26.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ведомство мәліметінше, 2024 жылдан бастап Сәтбаев қаласының тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы вейптерді сатуды ұйымдастырған. Өнімді өткізу қашықтан жүзеге асырылып, жеткізілім курьер арқылы жүргізілген.

Қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру мақсатында күдікті «дроп-схеманы» пайдаланған. Атап айтқанда, ақшалай сыйақы үшін үшінші тұлға - дроппердің атына рәсімделген банктік мобильді қосымшаға қол жеткізген.

Тінту жүргізу барысында 500-ден астам вейп тәркіленді.

Ұйымдастырушыға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ таңдалды. Сондай-ақ сот санкциясымен оның банк шоттарындағы 30,7 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатқа тыйым салынды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

- Сонымен қатар 2025 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Қылмыстық кодексінде дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Атап айтқанда, банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына заңсыз қол жеткізуді беру, тапсыру немесе алу, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мүддесіне материалдық сыйақы үшін заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады.

Қылмыстың ауырлығына, әрекеттердің сипатына және алынған пайданың мөлшеріне байланысты ҚР ҚК-нің 232-1-бабына сәйкес айыппұл салудан бастап, мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, Павлодар облысында мектеп оқушыларына вейп сатқан топ ұсталды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью