Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Салтанатты рәсімге Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, сондай-ақ Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қатысты.
Фото: ҚР ТЖМЖобаны іске асыру Мемлекет басшысының қолдауымен қамтамасыз етілді. 2024 жылы ТЖМ әуе паркі алты тікұшақ және үш ұшақпен толықты.
ТЖМ басшысының айтуы бойынша, жыл соңына дейін тағы бір авиация техникасы жеткізіледі деп жоспарланған. Бұл шаралар ел өңірлерінде 20 авиациялық құтқару жасағын құруға және төтенше жағдайларға ден қоюдың жеделдігін арттыруға бағытталған.
Фото: ҚР ТЖМЖаңа ұшақжай персоналдың заманауи талаптарына сәйкес тұрғызылған және әуе кемелеріне толық техникалық қызмет көрсету құралдарымен жабдықталған. Ұлытау ТЖМ-ның алғашқы авиациялық орталығы болды. Осыған ұқсас нысандарды салу жұмыстары 19 өңірде жалғасып жатыр.
Фото: ҚР ТЖМАйта кетейік, жоба бюджет қаражатын пайдаланбай, толықтай «Қазақмыс» компаниясының демеушілік қолдауы есебінен жүзеге асырылды.
Фото: ҚР ТЖМАйта кетейік, ТЖМ авиациялық паркі кез келген аумаққа қона алатын ұшақпен толықты.
Фото: ҚР ТЖМ Фото: ҚР ТЖМ