Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
2016 жылғы қыркүйекте қазақстандық кәсіпкер жалған құжаттарды пайдаланып, швейцариялық инвесторға тиесілі «УК Ринком» ЖШС-нің 80%-дық үлесін 63 миллион теңгеге заңсыз сатқаны анықталды. Аталған кәсіпорын Ұлытау облысында темір кен орнын игерумен айналысқан.
2026 жылғы 27 сәуірдегі сот үкімімен азамат М. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлімі, 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстық жолмен алынған мүлкі тәркіленіп, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Шетелдік инвестордың 3,5 миллиард теңге көлеміндегі азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды.
Бас прокуратура тергеп-тексерудің жан-жақты, объективті және сапалы жүргізілуін қамтамасыз етіп, нәтижесінде шетелдік инвестордың бұзылған құқықтары толық қалпына келтірілді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Алматыда урбанистика басқармасының бұрынғы басшысына қатысты сот қайта басталғанын хабарлағанбыз.