Ұлытау облысында төрт баланың анасын өлтіріп кетті

09.04.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АЛМАТЫ, 9 сәуір – Sputnik. Ұлытау облысындағы Жәйрем ауылында төрт баланың анасын өлтіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Марқұмның жасы – 42-де. Қылмыс жасады деген күдікпен оныңмен бірге тұрған 33 жастағы ер адам ұсталды. Ол әйелді дүкенде пышақтап өлтірген.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Күдікті – қайтыс болған адамның 33 жастағы азаматтық некедегі күйеуі, жергілікті тұрғын. Қылмыс жасағаннан кейін ол өзіне қол жұмсауға тырысқан. Қазіргі уақытта медициналық мекемеде, тәулік бойы полиция күзеті қойылған. Сот оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – дейді Ұлытау облыстық полиция департаменті.

Емдеу аяқталған соң күдікті дереу тергеу изоляторына жеткізіледі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью