Ұлытау облысында жүздеген адамға біржолғы төлем беріледі

15.04.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Ұлытау облысында 9 Мамыр – Жеңіс күніне орай жүздеген адамға біржолғы төлем беріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыс әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері 100-200 мың көлемінде болады. Оны бірнеше санатқа кіретін азаматтарға таратады. Олар:

тыл еңбеккерлеріне - 200 000 теңге;

Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектерінің жұбайларына - 100 000 теңге;

концлагерьлердің, геттолардың және өзге де мәжбүрлі ұстау орындарының тұтқындарына - 200 000 теңге.

"Төлемдер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылып, азаматтардың есепшоттарына 25 сәуір мен 7 мамыр аралығында аударылады", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, қазіргі кезде облыс бойынша 317 тыл еңбеккері, 19 Ұлы Отан соғысында қайтыс болған қатысушылардың жұбайлары және 2 концлагерь тұтқыны тұрады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью