Ұлытауда 48 жылдық тарихы бар музей заман талабына сай жаңартылды | Qazaq24.com
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Қаңтар айының ортасында Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінің жөндеу жұмыстарынан кейін заман талабына сай жаңартылған экспозициялық залдарының және жаңа екі залдың таныстырылымы өтті.
Іс-шараға облыс және қала мекеме басшылары мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Таныстырылым барысында музей залдарына экскурсия жүргізілді.
Жаңаланған музей экспозицияларына архивтік деректер, облыстық музей қорындағы құжаттар, фотосуреттер мен тарихи, мәдени, археологиялық экспонаттар қосылып, жалпы музей залдары 60 пайыз жаңа экспонаттармен толықты.
Жөндеу жұмыстары аясында музей ғимаратының қасбеті жаңартылды, аумағы абаттандырылды.
Жасанды интеллект технологиясының көмегімен жаңа экспозициялық залдар заманауи талаптарға сай қайта жабдықталды.
Музейдің конференц-залы да заманауи үлгіде қайта жабдықталды.
Читать полностью
Читать новость