Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Тексеру нәтижесінде коммерциялық мақсаттағы екі жер учаскесі белгіленген тәртіп сақталмай берілгені, сондай-ақ ауыл шаруашылығы үшін бөлінген 7 мың гектар жердің мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды.
Жаңаарқа ауданында ауданы 1,2 гектардан асатын жер учаскесі міндетті электрондық сауда-саттық өткізілмей жеке тұлғаға берілген. Бұл жағдай ашықтық қағидаттарын бұзып, негізсіз артықшылық туғызған.
Сонымен қатар су қорғау аймақтарында жер беруге тыйым салатын су заңнамасының талаптары бұзылып, 55 жер учаскесі жеке меншікке берілгені белгілі болды.
Анықталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. Қазіргі уақытта заңсыз берілген жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтару және кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту бойынша шаралар қабылданып жатыр.
Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.
Еске салсақ, осыған дейін Атырауда 5,1 мың гектар жер мемлекетке қайтарылғанын жазғанбыз.