Ұлытауда республикалық этномәдени фестиваль өтеді

03.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Биыл 27 маусымда Ұлытау өңірінде ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын ерекше мәдени іс-шара – «Көкмайса – Ұлы даланың тірі тарихы» республикалық этномәдени фестивалі өтеді. Фестиваль Жаңаарқа ауданына қарасты Ералиев ауылында сағат 10:00-де басталады.

Іс-шара бағдарламасы қазақ халқының бай мұрасы мен салт-дәстүрлерін кеңінен таныстыруға арналған. Қонақтар этноауылдарды аралап, ұлттық тұрмыс пен дәстүрлермен таныса алады. Сондай-ақ қазақтың қымыз мәдениетін насихаттайтын «Қымызмұрындық» рәсімі көрсетіледі.

Тарыдан 50 түрлі тағам: Ақтөбеде Шығанақ Берсиев мұрасын ұлықтаған гастрофестиваль өтті

Фестиваль аясында ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылып, қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді. Бұдан бөлек, бір мезетте 500 биені сауу рәсімі көрсетілетін тарихи көрініс көрермен назарына ұсынылады. Ұйымдастырушылар бұл көрініс қазақтың көшпелі өмір салты мен жылқы мәдениетін паш ететін ерекше шаралардың бірі болатынын атап өтті.

Мерекелік бағдарламаның соңы танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін үлкен концертке ұласады.

«Көкмайса» фестивалі – Ұлы даланың рухын, ата-баба дәстүрін және қазақ халқының мәдени мұрасын жаңғыртатын бірегей жоба. Ұйымдастырушылар барша қазақстандықтарды тарихи-мәдени мерекенің куәсі болуға шақырады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью