Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ұлытау төрінде халық шығармашылығының республикалық XXXIV дәстүрлі "Ұлытау үні" фестивалі өз шымылдығын ашты. Ұлттық өнерді ұлықтаған мәдени шараға еліміздің әр өңірінен өнерпаздар, өнер саласының майталмандары, шығармашылық ұжымдар мен қонақтар жиналды.

Фестивальдің ашылу салтанатында Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен қатысушылар мен қонақтарға құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық өнерді сақтау мен дамыту, дәстүр сабақтастығын жалғастырудың маңызын атап өтті.

Әкімдік мәліметінше, үш күнге жоспарланған фестиваль аясында дәстүрлі ән, жыр, терме, айтыс, эстрада және аспаптық өнер бағыттары қамтылады. Сонымен қатар жас таланттар мен тәжірибелі өнерпаздардың басын қосатын түрлі байқаулар ұйымдастырылып, ұлттық өнердің сан қырын насихаттауға мүмкіндік берілмек.

Фестивальді тарихи іс-шараның бастау алған сәтінен қатысқан өнер майталмандары бастап, бүгінгі буын өнерпаздары жалғады.

Аталған шаралар жас өнерпаздардың шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, ұлттық мәдени мұраны дәріптеуге, өнердегі буындар сабақтастығын нығайтуға және дәстүрлі өнердің кеңінен насихатталуына жол ашады.

Суреттер: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңір әкімдігі фестиваль бағдарламасы алдағы үш күн бойы Ұлытау облысының өнер және мәдениет нысандарында жалғасатынын хабарлады. Бүгін сағат 11:00-де дәстүрлі ән байқауы өтсе, Жезқазған қаласындағы "Шабыт" балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдығына арналған мультиаспапшылар байқауы ұйымдастырылады.

Ұлытау облысының әкімдігі ұсынған материал

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью