Ұлытауға дейінгі жаңа жол пайдалануға беріледі үкімет

10.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев "Қызылорда-Жезқазған" жолының құрылыс барысы жайында айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Былтыр осы жолдың Қызылорда жақтағы 216 шақырымы пайдалануға берілген болатын.

"Биыл енді Ұлытауға дейінгі жолды толығымен аяқтап, ел игілігіне табыстайтын боламыз", - деді Нәлібаев мәжілістің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, осы айда "Қарағады-Жезқазған" жолының құрылысы басталады. 575 шақырым жолдың жұмысын екі жылда аяқтау жоспарланған.

"Жалпы алдағы үш жылда ірі жобалар жүзеге асатын болады. Соның бірі - "Сексеуіл-Бейнеу". Ол - 765 шақырым. Бұл жол мүлдем жаңадан салынады", - деді вице-премьер.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью