Ұлытауы ұлықтаған ақын

26.12.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Бір өлке – бір кітап» облыстық акциясы аясында белгілі қаламгер, Жазушылар одағының мүшесі, ақын Сайлаухан Нәкеновтің 85 жылдығына арналған «Ақын. Парасат. Ұлылық» атты жыр кеші өтті. Іс-шара барысында оқырмандар «Парасат биігіндегі ақын» деген тақырыптағы кітап көрмесімен танысты.

«Бір өлке – бір кітап» облыстық акция­сы 2012 жылдан бастау алып, «Ұлытау кітапханасы» сериясымен жарық көрген әдеби еңбектерді кеңінен насихаттайды. Биыл Сайлаухан Нәкеновтің шығармашылығына арналған 12 түрлі мәдени іс-шара ұйымдастырылды», деді Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Мағжан Табылдин.

Өлең – жүректің үні, журналистика – азаматтық үн. Қаламын шындық жолына арнаған Сайлаухан Нәкенов осы екі өнерді қатар ұстап, халқының руханиятына адал қызмет еткен. Оның шығармасының негізгі арқауы – туған жер тарихы. Туған топырағына табан тіреп, асқақ тауына арқа сүйеген ақынның «Туған жер», «Қазақстан», «Жез даңқы» өлеңдерін жастар тебіреніп жатқа оқыды.

«Сайлаухан Нәкенов – поэзия­да мойындалған ақын. Облыстық «Жезқазған туы» газетінің алғашқы күнінен соңғы сәтіне дейін еңбек етті, тер төкті. «Жезқазған туы» басылымында жиырма жыл сол кісімен бірге жұмыс істедім. Жаза білетін, сөз түсінетін адамға ойын ашық айтатын. Жезқазған қаласында жас ақындарға арналған «Құрыш» атты әдеби бірлестік ашты» деп еске алды Жазушылар одағының Жезқазған облысындағы өкілі Батырбек Мырзабеков.

Ақын, Жазушылар одағының мүшесі Ғазиз Ештанаев С.Нәкеновтің «Ұлытау үні» деп фестиваль атауын қойып, оны алғаш ұйымдастырушының бірі болғанын, қоғам қайраткері Қайырбек Сәдуақасов екеуі жас дарынды ақын­дарды Жезқазған педагогикалық институтына емтихансыз әңгімелесу арқылы қабылдауға ықпал еткенін тілге тиек етті.

Сайлаухан Нәкеновтің «Сарыарқа» өлеңіне Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамедин ән шығарған. Осы бір рухты әнді әншінің өз орындауында тыңдап, көрермен бір желпініп қалды.

Жергілікті ақын Мұса Тілеуов: «Ұлытау ауданында рәміздер алаңы бар. Алаңның айналасын абаттандырып, Ұлытауға қатысты тұлғаларға мүсін қойылса, солардың қатарында «Ұлытау» өлеңін жазған Сайлаухан Нәкенов пен әнін жазған Жақсыкелді Сейіловтің де мүсіні орнатылса деген ұсынысым бар», деді.

Айтыс ақыны Мұқаш Сейітқазинов ақынның көзі тірісінде «Құдіретті қолдар», «Жұмақтың жолы» атты екі кітабының шыққанын, оларды өзіне қолтаңбасымен ұсынғанын еске алды.

Ұлытау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Шығыстағы екі облыста жол жабылды

Ауа райы • Бүгін, 00:32

Қазақстанда көлік бағасы қалай өзгереді?

Қоғам • Кеше

ЭЦҚ-ны қайта алу қиындай түсті: қосымша тексеру енгізілді

Технология • Кеше

Екібастұзда жеке компания домофон тарифін негізсіз көтерген

Аймақтар • Кеше

Алматы мейрамханасындағы оқиға: қатысушыларға айыппұл салынды, полиция арандатушылыққа жол беруге болмайтынын ескертті

Қылмыс • Кеше

Расул Қоспанов: Президент өңірлік саясатқа басымдық береді 

Сұхбат • Кеше

Мемлекет басшысы Тараздағы әскери мектеп-интернатқа барды

Президент • Кеше

Алматыда жаңа жылдық Президент шыршасы өтті

Алматы • Кеше

Қазақстан Қысқы Олимпиадаға қанша лицензиямен барады

Спорт • Кеше

Премьер-министр: Күрделі сыртқы конъюнктураға қарамастан, ел экономикасы даму үстінде

Үкімет • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты

Президент • Кеше

Абай және жас ұрпақ

Абай • Кеше

Қоғамды ізгілікке бастаған әлеуметтік жобалар жинақ ретінде жарық көрді 

Қоғам • Кеше

2025 жылдың негізгі қорытындылары

Білім • Кеше

Жамбыл облысының бір топ азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды

Президент • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью