Ұлжан Сәрсенбек Азия чемпионатында ширек финалдан аса алмады

05.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Отандасымыз ширек финалда таиландтық Пунрауе Руенроспен шеберлік байқасты.
Ұлжанның қарсыласы оңай болған жоқ. Таиландтық боксшы әлем чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері болды. Сондай-ақ 2024 жылы Азия чемпионатының жартылай финалында Таиланд спортшысы Ұлжаннан басым түскен еді.

Жекпе-жек барысында отандасымыз ширақ қимылдауға көңіл бөлді. Дегенмен қарсыласы да өз мүмкіндігін мүлт жібермеуге тырысты.

Нәтижесінде Ұлжан қарсыласына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Әйгерім Сәттібаева (48 келі) әлем чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері, өзбекстандық Сабина Бобокулованы жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Қазақстандық тағы үш боксшы Қазақстан уақытымен 14:00-де басталатын кешкі сессияда сынға түседі. Алдымен 4-жұпта Сабыржан Аққалықов (75 келі) жапониялық Тайга Ягимен шаршы алаңға шықса, 7-жұпта Ерасыл Жақпеков (80 келі) өзбекстандық әлем чемпионы Фазлиддин Еркинбоев, 11-жұпта Сағындық Тоғамбай (90 келі) қытайлық Хуежен Ханмен қолғап түйістіреді

Айта кетсек, 4 сәуірде құрлықтық додада Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), Валентина Хальзова (75 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі) жартылай финалға жолдама алса, Санжар Ташкенбай (50 келі), Лаура Есенкелді (65 келі) жарыс жолын аяқтады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью