Ұмай ипотекасы бір күнде таусылды: өтінім беріп үлгермегендерді не күтіп тұр

05.11.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстанда "Ұмай" ипотекалық бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау аяқталды. 20 миллиард теңге көлеміндегі қаржыландырудың екінші траншы бағдарлама іске қосылған күні-ақ – 3 қарашада толықтай таусылды. Бұл туралы Отбасы банк мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Home.

Поделиться

Өтінім қабылдау қалай өтті?

Өтінім қабылдау 3 қарашада басталды. Сағат 15:00-ге қарай банк жалпы сомасы 12,5 миллиард теңгеге 524 өтінім қабылдап үлгерді. Бір сағаттан соң бөлінген лимиттің толық игерілуіне байланысты өтінім қабылдауды тоқтатуға тура келді.

"Бір күн ішінде қазақстандық әйелдерден 20 миллиард теңге сомасына 850 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 352 өтінім Отбасы банк кеңесшілері арқылы берілді. Өтінімі қабылданған барлық қатысушы қарыз бойынша алдын ала мақұлдау алды. Ол бір ай бойы жарамды. Осы уақыт ішінде баспана таңдап, оны сатып алуға несиелік өтінім беру қажет", – делінген хабарламада.

Сол күні 390 қатысушы жалпы сомасы 9,5 миллиард теңгеге несиелік өтінім беріп үлгерді.

“Ұмай“ ипотекасы дүрбелең туғызды ма? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесі алдына көп адам жиналды

"Ұмай" бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

"Ұмай" ипотекасы – әйелдерге арналған, яғни ол Отбасы банк салымшыларына бағытталған. Бұл бағдарлама бойынша қазақстандық әйелдер жылжымайтын мүлікті жаңадан салынған үйден ғана емес, салынып жатқан нысандардан да ала алады. Бұл ретте құрылыс компаниясының Қазақстан тұрғын үй компаниясының (ҚТК) кепілдігі немесе банктік сақтандыруы болуы тиіс. Бұл жаңа үй салынып бітетініне кепілдік береді.

Сондай-ақ баспананы қайталама нарықтан да сатып алуға болады, ең бастысы – жылжымайтын мүлік 2016 жылдан ерте салынбаған болуы тиіс.

"Ұмай" ипотекасы бойынша қарыз алушы тұратын тұрғын үйді жөндеуге де несие қарастырылған.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

отбасының ең жоғары табысы – 1 250 000 теңгеден аспауы тиіс; сатып алынған немесе жөндеу жүргізілетін тұрғын үйде міндетті түрде тұру; кейінгі алты айдағы төлем қабілеттілігін растау.

Бағдарлама шарттары

"Ұмай" шарттары бойынша ипотеканың максималды сомасы – 50 миллион теңге, ал жөндеу жұмыстарына 15 миллион теңге алуға болады. Қарыз жылдық 14,8 пайызбен (ЖТСМ 16,3-тен 16,8 пайызға дейін) беріледі. Алғашқы жарна сомасы ірі қалаларда 20 пайыз, ал өңірлерде 15 пайыздан басталады.

Келесі траншқа өтінім беруге бола ма?

Бағдарламаға қатысуға алдыңғы өтінім қабылдау 2026 жылғы 31 тамызда өткен болатын. Сол кезде 9 миллиард теңге көлемінде бірінші транш бөлінген. 3 қарашадағы жағдай бойынша ол 96 пайызға игерілді: жалпы сомасы 8,6 миллиард теңгеге 435 қарыз берілді.

Отбасы банк 3 қарашада өтінім беріп үлгермеген әйелдер жаңа қаржыландыру траншты түскеннен кейін келесі кезеңдерге қатыса алатынын хабарлады.

Келесі өтінім қабылдау мерзімі туралы қосымша хабарланады.

Тағы оқыңыз: “Ұмай“ ипотекасына өтініш не себепті қабылданбауы мүмкін және оған қалай дайындалу керек? Онлайн-калькулятор

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Әйелдер баспана пәтер Кредит Несие Ипотека Отбасы банк

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью