Үндістан Қытай әуе рейсі қайта ашылды

28.10.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Үндістан араға бес жыл салып Қытаймен тікелей әуе рейстерін қайта бастады.

Алғашқы рейсті ІndiGo әуе компаниясы орындады. Бортында 176 жолаушы болған ұшақ Калькуттадағы Нетаджи Субхас Чандра Бос атындағы халықаралық әуежайдан ұшып, Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласына қонды. Компанияның бас директоры Питер Элберс рейстердің қайта жандануы екі ел арасындағы еркін әуе қатынасын қалпына келтіріп, тауар айналымы мен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға жол ашады дейді. Айта кетейік, Үндістан мен Қытай арасындағы тікелей рейстер 2020 жылы COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатылған еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью