Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Үндістан экономикасы дамыған төрт елдің қатарына кірді. Ел үкіметінің баяндамасында осылай делінген.
Нью-Делидің жалпы ішкі өнімі – 4,18 трлн доллар. Бұл Жапония көрсеткішінен асып түседі. 2030 жылға қарай 3-ші орында тұрған Германияны басып озуды жоспарлап отыр. Биыл Үндістанның ресейлік мұнайды сатып алуын сылтау етіп, Вашингтон Нью-Делиге 50 пайыз баж салығын енгізген еді. Алайда жаһандық саудадағы өзгерістер оңтүстік-азиялық мемлекеттің экономикадағы аяқ алысына аса әсер ете қойған жоқ. 2022 жылы Үндістан Ұлыбританияны артта қалдырып, алып 5 экономиканың қатарына кірген болатын.