Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: Report
Табиғи апаттан бір адам қаза тауып, 4 адам із-түссіз жоғалып кеткен.
«Су тасқынынан Дхемаджи, Налбари, Дибругарх, Чиранг, Лакхимпур және Кокраджхар округтерінен 22 124 адам зардап шекті. Олардың ең көп бөлігі – Дхемаджи ауданында. Мұнда су деңгейінің көтерілуінен 15 483 тұрғынға зиян келді. Тасқын су шамамен 1 690 гектар ауыл шаруашылығы алқабын жарамсыз етті», делінген хабарламада.
Сондай-ақ лай көшкін салдарынан тұрғын үйлер мен автомобиль жолдары бүлініп, 1965 жылы салынған теміржол көпірінің едәуір бөлігі опырылып құлағаны хабарланды.