Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Фото: Анадолы
Билік өкілдерінің мәліметінше, штаттың Тхане ауданында 4 қабатты ғимараттың бір бөлігі опырылып құлаған.
Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта үйінді астынан 9 адамның денесі шығарылған. Хабарларға қарағанда, қирандылардың астында әлі де адамдар болуы мүмкін.
Билік сондай-ақ оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді.
Айта кетейік, Қытайдың Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында салынып жатқан туннельдің опырылуы салдарынан 4 адам көз жұмып, 6 адам түрлі жарақат алды. Сондай-ақ Пәкістанның Белуджистан провинциясында көмір шахтасының опырылуы салдарынан 34 адам қаза тапты.