24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Үндістанда алып шаһарларды түтін торлап, жүріс-тұрыс қиындады. Мұндай жағдай Дивали мерекесінен кейін тіркелді.
Мұнда ауадағы зиянды қалдықтар құрамы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген көрсеткіштен он есеге артқан. Осыған байланысты мегаполис тұрғындары түрлі дертке шалдығып, денсаулықтары сыр бере бастаған. Сарапшылардың айтуынша, Үндістан астанасы Нью-Дели жеті жыл қатарынан әлемдегі ең ластанған қала болып қалып отыр.