Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Фото: Wirestock Creators / Shutterstock / Fotodom
Times of India мәліметінше, бала жұмыстан кейін қолы-аяғын жуу үшін су жиегіне тоқтаған. Сол мезетте оған қолтырауын тап берген.
Үндістанда әжесі немересін қабыланның шабуылынан құтқарып қалды
Баланың айқайын естіп, маңайда жұмыс істеп жүрген фермерлер жүгіріп келген. Олар жыртқышқа тас пен кірпіш лақтырған. Қолтырауын баланы аяғынан тістеп, су астына сүйреп әкеткен. Оқиға баланың туыс ағасының көз алдында болған.
Қолтырауын баланы ішінара жеп үлгерген. Денесінің қалдықтары табылған кезде оның оң аяғы мен денесінің төменгі бөлігі қатты зақымданғаны байқалған.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында адамдарға жыртқыш жануардың шабуылы салдарынан бірнеше тұрғын медициналық көмекке жүгініп, бір адам ауруханада ем қабылдап жатқаны туралы хабарлаған едік.