Үнемделген қаржы есебінен 14 канал бетондалып жатыр

03.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Каналдардың жалпы ұзындығы 85,5 шақырым. Қазіргі таңда «Сәмбет», «Байзақ», «Жамбыл», «Қуат», «Қуат оң жағалау», «Қуат сол жағалау», «Исмаил», «Бошақай», «Бошақай-1», «Бошақай-2», «Саза», «Төменгі Саза» және «Айтақ» каналдарында жұмыстар басталып кетті. Ал «Сейдалы» каналы бойынша конкурс рәсімдері жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Жамбыл облысының Байзақ ауданында жалпы ұзындығы 85,3 шақырым 17 каналға арналған жобалау-сметалық құжат әзірленді. Оның ішінде 12 жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп үлгерді. Құрылыс-монтаж жұмыстары жыл соңына дейін басталады деп жоспарланып отыр.

— Барлық жоба бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкінің өңірлік кеңсесінен мақұлдау алынды. 2026 жылдың басына қарай Су ресурстары және ирригация министрлігі ЕҚДБ-мен бірлескен 46 жобаны аяқтады. Нәтижесінде 502 шақырым канал реконструкцияланды. Биыл тағы қолданыстағы 5 жобаны аяқтау жоспарланып отыр,— деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Айта кетейік, Алматыда Үлкен Алматы каналын қайта жаңғырту жұмыстары қазан айында аяқталуға тиіс. Алайда қала әкімі Дархан Сатыбалды нысанды жаз мезгілінде су жіберіп тексеру үшін жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Каналдарды реконструкциялауда 600 млн теңгеге жуық қаржы үнемделді.

Жамбыл облысында 40 жыл бойы тазартылмаған канал қалпына келтіріліп жатыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью