Unico Play GEMA Asia Awards байқауында Netflix пен Warner Brothers ті басып озып, екі жүлде жеңіп алды

09.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жоба екі номинация бойынша марапатталды: Best Integrated Marketing Campaign бойынша алтын жүлде және «Qara Bekire» сериалының үздік постері үшін күміс жүлде. Осылайша Unico Play Netflix пен Warner Brothers сияқты әлемдік ірі компанияларды артта қалдырды. 

Бұл жетістік қазақстандық жобалардың халықаралық деңгейде бәсекеге түсу қабілетін көрсетеді. Сарапшылар «Qara Bekire» жобасының идеялық мазмұнын, сондай-ақ Каспий теңізі, экология және адам жауапкершілігі тақырыптарын ашық әрі батыл көтергенін атап өтті.

Қазіргі уақытта екі марапат Қазақстанға жеткізілді. Бұл Unico Play платформасының және еліміздің жаһандық кәсіби ортадағы орнын нығайтуға бағытталған маңызды қадам деуге болады. «Qara Bekire» сериалының барлық бөлімі платформада қолжетімді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін «Аңдар шаһары 2» анимациялық фильмі Голливуд тарихында бұрын-соңды болмаған, ең жоғары кассалық табыс жинаған анимациялық туынды атанғанын жазған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью