Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысы – ел дамуының жаңа кезеңіне бастар тағдырлы сәттердің бірі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қайта жаңғырған бұл жалпыұлттық диалог алаңы қысқа уақыт ішінде ел тағдырын айқындайтын стратегиялық шешімдер қабылданатын, қоғам мен мемлекеттің шынайы сұхбаты орныққан маңызды институтқа айналды.
Елдік мәні бар мәселелердің дәл Сыр бойында талқылануы – шаһарымыздың тарихтағы, руханияттағы және қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ерекше орнына берілген жоғары баға.
Бұл – өңірге көрсетілген сенім ғана емес, ел болашағын бірге айқындауға шақырған жауапкершілік.
Мемлекет басшысының 2025 жылғы 30 қазандағы жұмыс сапары Қызылорданың дамуы сөз жүзінде емес, нақты істермен дәлелденіп келе жатқанын көрсетті: инфрақұрылым жаңарып, білім мен мәдениетке серпін беріліп, адами капиталды дамытуға бағытталған жүйелі саясат берік жолға қойылды.
Ұлттық құрылтайдың отырысында көтерілген институционалдық реформаларды елдің саяси мәдениетін жаңа сапалық деңгейге көтеруге бағытталған маңызды әрі уақыт талабына сай қадамдар деп бағалаймыз.
Жаңа Парламенттің өкілеттіктерін нақтылау, Президент Әкімшілігін жаңғырту, аппараттық құрылымдарды оңтайландыру және вице-президент институтын енгізу жөніндегі бастамалар билік тармақтары арасындағы жауапкершілік пен басқару тиімділігін арттыруға негізделген салмақты шешімдер екені анық.