Университет түлектерінің әрбір үшіншісі өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді Еспаева

27.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

— Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жоғары білім беру жүйесінің алдында бірқатар өзекті мәселе бар. Біріншіден, еңбек нарығының қажеттіліктерін ұзақ мерзімді болжаудың жоқтығы. Университет түлектерінің әрбір үшіншісі өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Еңбек нарығындағы сұраныс мемлекеттік білім беру тапсырысы түзетілгеннен әлдеқайда жылдам өзгеріп жатыр, бұл бір мамандықтар бойынша артық даярлауға, ал басқалары бойынша тапшылыққа әкеледі, — деді Дания Еспаева Парламент Мәжілісінде.

Осы орайда ол жоғары білім беру жүйесі еңбек нарығының трансформациясына ілесе алмай отырғанын, ал түлектердің құзыреттері жұмыс берушілердің қазіргі талаптарына сәйкес келмей жатқанын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2035 жылға қарай Қазақстанда 562 кәсіп немесе еңбек нарығының 44%-ы (шамамен 4 млн адам) жасанды интеллектінің ықпалымен өзгеруі мүмкін

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью