Үнзила Шапақ: Адам құқықтары жаңа Конституцияның өзегі

02.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы халықаралық құқық нормаларына толық сәйкес келеді және демократиялық әрі құқықтық мемлекеттің орнықты дамуына берік негіз қалайды. Бұл туралы Мәжілістегі AMANAT партиясы фракциясының отырысында сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Оның айтуынша, парламенттік реформадан бастау алған конституциялық трансформация елдегі құқықтық жаңарудың эволюциялық жолын айқындады. Конституциялық сабақтастық сақтала отырып, мемлекеттік басқару моделі қазіргі саяси және әлеуметтік талаптарға бейімделді, ал Ата заң қоғамның сұранысы мен басқару тиімділігін арттыру міндеттеріне сай қайта қаралды.

Жанарбек Әшімжанов: Халық Кеңесі мемлекеттік шешімдерге нақты ықпал ететін тиімді механизм

Үнзила Шапақ өз сөзінде жаңа Конституция жобасының халықаралық демократиялық стандарттарға сәйкестігіне ерекше тоқталды. Ол заң шығару үдерісінің ашықтығы мен жариялылығы, қоғамның заң жобаларын талқылауға қатысуы және жалпыхалықтық референдумды бекіту ЕҚЫҰ талаптарына, соның ішінде 1990 жылғы Копенгаген құжаты мен 1991 жылғы Мәскеу құжатына, сондай-ақ Венеция комиссиясының қағидаттарына толық сай келетінін атап өтті.

«Конституция жобасында мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі әрі егемендіктің иесі Қазақстан халқы екені туралы норма бекітілуі халық егемендігі қағидатын тікелей көрсетеді және БҰҰ Жарғысына, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактке толық сәйкес келеді», деді депутат.

Сондай-ақ ол Конституция жобасының адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты мазмұндық бөлігі әмбебап халықаралық актілерді барынша ескере отырып әзірленгенін атап өтті. Құжатта өмір сүру құқығы, жеке басының қол сұғылмаушылығы, дербес деректерді қорғау, заңсыз бостандықтан айыруға тыйым салу және сот шешімінсіз ұстауға жол бермеу қағидаты бекітілген. Бұл атқарушы биліктің ерікті өкілеттіктерін едәуір шектеп, құқық үстемдігін күшейтеді.

Конституциялық реформа аясындағы перспективалар

Цифрландыру жағдайында жеке өмірді қорғау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Үнзила Шапақтың айтуынша, хат-хабар құпиясы, банк құпиясы және цифрлық коммуникацияларды қорғауға қатысты нормалар халықаралық стандарттарға сай және адам құқықтарының заманауи дамуын көрсетеді.

Депутат мемлекеттің зайырлы сипаты, судьялардың тәуелсіздігі, адвокатура мәртебесін нығайту және сот ісін жүргізу нысандарын кеңейту туралы ережелердің халықаралық тәжірибеде қабылданған әділ сот талқылауы стандарттарына толық сәйкес келетінін де атап өтті.

«Конституциялық соттың Конституцияның үстемдігін қорғау және халықаралық шешімдердің орындалуын бағалау жөніндегі өкілеттіктері конституциялық сот төрелігінің қазіргі моделіне сай. Бұл  халықаралық міндеттемелерден бас тарту емес, мемлекеттің конституциялық бірегейлігін қамтамасыз ету тетігі», деді ол.

Сөз соңында Үнзила Шапақ жалпы алғанда жаңа Конституция жобасы БҰҰ Жарғысының қағидаттары мен Қазақстанның халықаралық міндеттемелері логикасында әзірленгенін, бұл демократиялық және құқықтық мемлекеттің орнықты дамуына берік құқықтық негіз қалыптастыратынын айтты.

Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі

Соңғы жаңалықтар

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Ата заңның жаңа жобасын талқылады

Ата заң • Бүгін, 17:54

Астана халқы бір жылда 100 мыңнан астам адамға көбейді: Өңірлердегі ахуал қандай?

Қазақстан • Бүгін, 17:42

«Ауыл» фракциясының депутаттары Ата заң жобасын бірауыздан қолдады

Ата заң • Бүгін, 17:39

Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 17:30

Сақтандыру полисін қалай дұрыс таңдауға болады?

Қоғам • Бүгін, 17:22

Кендірліде жаңа әуежай бой көтереді: Жоспарлау аумағы үш есе кеңейді

Аймақтар • Бүгін, 17:10

Әйелдер құрамасы: Ла-Нунсиядағы турнирге кімдер қатысады?

Спорт • Бүгін, 17:02

Қоқысқа толған ғарышты кім тазартпақ?

Экология • Бүгін, 16:55

Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағына жергілікті асфальтбетон төселді

Аймақтар • Бүгін, 16:48

Алаяқтардың құрығынан қорғау: 10 халықаралық call-орталық жойылды

Қоғам • Бүгін, 16:31

Италиядағы ақ Олимпиада: Спортшылардың жарыс кестесі жарияланды

Спорт • Бүгін, 16:10

Қаңтардағы ҰБТ: 244 адам тестілеуден босатылды

Қоғам • Бүгін, 16:08

Шерхан Мұртазаның 6 мың қолжазбасы цифрланды

Архив • Бүгін, 15:58

Ұлттық қордан 10 жыл ішінде жұмсалмаған қаржы зейнетақы шотына аударылады

Қоғам • Бүгін, 15:48

Күніне 18,5 млн доллар: Ұлттық қордан қанша валюта сатылды?

Қоғам • Бүгін, 15:33

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью